Журналдың редакциялық саясаты және бағыттылығы
«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Хабаршысы. Ауыл шаруашылығы ғылымдары» журналы жылына 4 рет шығады, ол отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми жұмыстары туралы ақпараттарды және ғылыми конференция материалдарын, ғылыми-әдістемелік мақалалар, жастардың ғылыми шығармашылығын, университет өмірі туралы ақпараттарды қамтиды.
«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Хабаршысы. Ауыл шаруашылығы ғылымдары» журналының редакциялық саясатының міндеттері:
- ғылыми зерттеулердің сапасын жоғарылатуға, озық ғылым жетістіктерін енгізу үшін ғылыми әлеуетті анықтауға ықпал ету;
- ғалымдар мен жас зерттеушілерге өз зерттеулерінің нәтижелерін жариялау мүмкіндігін беру;
- ауыл шаруашылығы саласының ең өзекті перспективті және қызықты бағыттарға назар аудару:
- отандық және шетелдік ғалымдардың өзара іс-қимылдарын қамтамасыз ету және жарияланымдарға тарту, зерттеушілер арасында пікір алмасуларды жолға қою.
Барлық тараптардың (редакторлар, авторлар, рецензенттер) өзара қарым-қатынастары жарияланымдар әдебіне қойылатын талаптарды қадағалауға негізделеді.
Мақалаларда келтірілген нақты материалдарға авторлар жауап береді.
Жариялануға қабылданған қолжазбалар авторларға қайтарылмайды. Рецензиялау нәтижелері бойынша теріс баға алған және журналдың редакциялық алқасымен мақұлданбаған материалдар жарияланбайды және авторларға қайтарылмайды. Редакция қабылданбаған материалдарды сақтамайды.