Журналдың жарияланым этикасы

Журналда жариялауға материалдар дайындау процесіне қатысатын барлық тараптар: авторлар, сараптық комиссия, рецензенттер, редакциялық алқа мүшелері – жарияланым әдебіне қойылатын төмендегі талаптарды қадағалауы тиіс.

Журналдың жауапты редакторы шешім қабылдаған кезде редакциялық алқа мүшелерімен және рецензенттермен кеңесе алады, олар келесі ережелерді басшылыққа алады:

  • ұсынылған қолжазба туралы ақпараттарды автор, рецензенттер, әлеуетті рецензенттер, басқа редакциялық кеңесшілерден, қажет болғанда баспагерден басқа ешкімге ашпау;
  • авторлар ұсынған материалдарды бағалау кезінде кемсітушілікке жол бермеу;
  • қажеті болмаса, авторлардан қабылданған материалдар туралы ақпараттарды авторлар, рецензенттерден басқаларға ашпау,
  • зерттеулерде лайықсыз қылықтарға жол берілген мақалаларды анықтап, жариялауды болдырмаудың ақылға қонымды шараларын жасау, мұндай келеңсіздіктерді жою;
  • лайықсыз ғылыми-зерттеу қылықтары туралы фактілерді немесе мәлімдемелерді нақтылау;
  • түзетулерді, түсіндірмелерді, теріске шығаруларды және қажет болса кешірім сұрауды жариялауға дайын болу;

Баспа үдерісінде авторлар келесі ережелерді басшылыққа алады:

  • жала, авторлық құқық, заңдылық және плагиатқа қатысты негізгі заңды талаптарды ескере отырып, толық сәйкестікте жұмыс істеу;
  • түпнұсқа зерттеу бойынша атқарылған жұмыстардың шынайы нәтижелерін беру және оның маңыздылығын объективті зерделеу.
  • жұмыстың тексерілуін қамтамасыз ететіндей жеткілікті мазмұн болуы тиіс. Жалған немесе әдейі қате пайымдаулар материалды қабылдамауға немесе жарияланған мақаланы теріске шығаруға себеп бола алады;
  • Қолжазбаны бірмезгілде басқа басылымға ұсыну әдепсіз қылық ретінде қабылданады. Автор журналға бұрын жарияланған мақаланы ұсынбауы тиіс;
  • ұсынылған материалдың толық түпнұсқалығына кепілдік беру. Басқа авторлардың еңбектерін немесе пайымдауларын пайдаланған жағдайда тиісті библиографиялық сілтемелер немесе үзінділер ұсынуы тиіс;
  • кез - келген түрдегі плагиатқа жол бермеу. Қабылдау үшін мақаланың мәтіні кемінде 80% өзіндік түпнұсқалыққа ие болуы тиіс;
  • егер мақаланың түпнұсқалылығы 80% - дан төмен болса авторға толық-тыру немесе жөндеу мақсатында бір рет қайтарылады. Екінші рет тексерілген мәтін қажетті көрсеткішті камтамасыз етсе, мақала редакция алқасының қарауына жіберіледі. Түпнұсқалығы екі рет тексерілсе де тиісті талапты қана-ғаттандырмаған мақала жарияланымға қабылданбайды, мақалада автор(лар)-дың өздерінің ғылыми-зерттеу жұмысына сілтеме жасау деңгейі 20% - дан аспаған жағдайда плагиат болып саналмайды.
  • автодәйексөздеу (өзін өзі дәйексөздеу басқа мақалада, оның ішінде «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Хабаршысы. Ауыл шаруашы-лығы ғылымдары» журналында жарияланса, автор неғұрлым бұрынғы жұмысына сілтеме жасауы тиіс. Авторларға өзін өзі дәйексөздеу деңгейін 0–10% аралығында қадағалау ұсынылады;
  • өз жұмыстарын қаржыландыру туралы ақпараттарды, сондай-ақ өз қолжазбаларының нәтижелеріне немесе интерпретациясына ықпал еткендер ретінде қабылдануы мүмкін үшінші тараптардың мүдделері бар екені туралы мәлімдеу;
  • журналдың ғылыми бағыттары бойынша жауапты редакторларға еңбегіндегі елеулі қателік немесе дәлсіздік туралы хабарлау және мақаланы алып тастау немесе түзету үшін үнемі байланыста болуды қамтамасыз ету;
  • журналдың әрбір номеріне салынатын мақала саны 35 мақаладан артық болмауы тиіс.