Авторларға арналған ереже

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетiнiң ХАБАРШЫСЫ. Ауыл шаруашылығы ғылымдары сериясы» журналына мақала жариялауда Редакция алқасы авторлардан келесі ережелерді басшылыққа алуды сұрайды.

Журнал редакциясына ұсынылатын ғылыми мақалалар «ГОСТ 7.1-2003 "Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және құрастыру ережелері" талабына бойынша базалық баспа стандарттарына сәйкес жасалуы тиіс.

  1. Журналдың бір номеріне бір автордан немесе сол автормен бірлескен авторлар тобының құрамынан екі қолжазбадан артық мақала қабылданбайды.
  2. Бір мақаланың авторлар бірлестігіндегі адамдар саны 5-ден аспауы тиіс.
  3. Мақаланың плагиатқа қарсы бағдарламада тексергеннен кейінгі түпнұсқалық дәрежесі 80%-дан кем болмауы тиіс. Егер мақала плагиатқа қарсы тексеруден өтпесе авторға толықтыру үшін қайтарылады. Автор сол мақаланы плагиатқа тағы 1 рет қайта жібере алады. Мақаланың мазмұнына автор жауапты.
  4. редакцияға жіберілген мақалалар бұрын басқа баспа бетінде жарияланбаған болуы тиіс, кейіннен басқа журналдарда жариялауға, оның ішінде басқа тілдерге аударып жариялауға болмайды.
  5. Мақаланы жарияланымға қабылдау туралы шешім редакторлар алқасы белгілеген екі тәуелсіз рецензенттің оң пікірінен кейін қабылданады.
  6. рецензиялау (жасырын) құпия түрде жүргізіледі, авторға рецензенттің аты–жөні, ал рецензентке мақала авторының аты-жөні хабарланбайды.
  7. төлем туралы хабарлама мақалаларды жариялауға қабылдағаннан кейін ұсынылады. Журналда жариялау құны – бекітілген смета бойынша
  8. Редакция мақаланы әдеби және стилистикалық өңдеумен айналыспайды.
  9. Талаптарға сай емес ресімделген мақалалар жарияланымға қабылданбайды.
  10. Журналға мақала қабылдау – жыл бойына жүргізіледі. Журналдың кезекті са-нына қабылданған мақала саны 30-ға жеткенде осы номерге мақала кабылдау тоқта-тылады. Редакцияға келген келесі мақала хронологиялық реттілік бойынша журналдың келесі санына арналған папкаға жинақталады. Редакция алқасының жинақталған мақалаларды қарау, тексеру, авторлармен байланысу жұмыстары кезекті номер https://agro.korkyt.edu.kz сайтына жарияланғаннан кейін жүргізіледі. Редакторлар алқасының пікірі бойынша жарияланымға қабылданбай қалған мақала орнына келесі номерге жинақталған папкадағы бірінші тұрған мақала алынады, яғни хронологиялық реттілік кезегі сақталады.

    «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» журналының редакциясы әр номердің соңғы PDF нұсқасын университет сайтына және Халықаралық https://crossref.org/ CROSSREF сайтына салудан бұрын әрбір авторға өз мақалаларын тексеру үшін 3 күн уақыт береді. Авторлардың пікірі, жауабы және т.б. қабылданғаннан кейін ғана журнал сайтқа салынады. Одан кейінгі авторлар ескертуі қабылданбайды және редакция қателікке жауап бермейді.

    Мақаланың электрондық нұсқасын https://agro.korkyt.edu.kz сайтына жіберу керек. Мақаланы жариялауға ұсыныс беру үшін сайтта тіркеуден өту қажет. Егер мақалада бірнеше автор болса, редакция мақала жайлы тек сайтқа тіркеліп мақала жіберген автормен ғана байланысады. Егер әр түрлі оқу орыны немесе ғылыми мекемеден авторлар болса, онда ол «1,2» сандарымен көрсетіледі.

    Жасырын рецензиялауды жүзеге асыру үшін авторларға мақаланың екі нұсқасын жіберу қажет (сайтта тіркеу орыны көрсетілген): біріншісі – жеке деректерді көрсете отырып, екіншісі – жеке деректерді көрсетпей. Жасырын рецензиялау қағидаты бұзылған жағдайда мақала қаралмайды.